Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: sholagum6@mail.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

Сайтқа анықтама.

Қазақстанда қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Аналар күні аталып өтеді. Адам өмірінде ананың рөлі ерекше. Адамзатың ана алдындағы парызы көп. Бұл күн аналарымызды құрметтеу күні. Перзенті үшін жанын қиюға даяр аналарға алғыс айту идеясы Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясымен бекітілген болатын. Осыған орай "Ана - өмірдің гүлі" атты асфальтқа сурет салу фестивалі болып өтті. 2-3 сынып оқушылары жетекшілерімен бірге мектеп ауласында қызықты қиялдарымен сурет сала білді.

2021 жылғы 24 қыркүйекте Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы  Еңбек күні мерекесіне арналған "Жемісті еңбек- жетістік баспалдағы" атты  кездесу кеші өткізілді.  Шараға "Мендібай - Қарағаш" ШҚ басшысы Баймағамбетов Марлен Бағланұлы және Аграрлық несиелік корпорация" АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, Ақтөбе қаласы мәслихатының жетінші шақырылымның депутаты, мектеп түлегі Аслан Рахметуллаұлы Жұмашев қатысты.   7 класс оқушылары белсене қатысып, "Еңбекпен шыңдалған өмір" атты кітап көрмесін тамашалады. Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұжымына көп рақмет!

“Ғ.Ақтаев атындағы  6 мектеп-гимназиясы” КММ Мектеп Парламенті Президентінің сайлауы нәтижесімен таныс болыңыздар!

Мектеп Президенті: Ағыбаева Еркемай 84%

"ТЖ кезінде ғимараттан жедел шығу" туралы ҚББ бұйрығына сәйкес, мектебімізде төтенше жағдай кезінде ғимараттан жедел шығу (эвакуациялық) жаттығулары өткізілді

Кеңестік салқын саясаттың күшімен ұлы Абай мен данышпан Мұхтардың кіндік қаны тамған киелі Жерге сынақ полигоны салынған болатын. Сөйтіп 1949 жылы тамыз айында ең алғаш атом бомбасы жарылды. Бейбіт отырған халықтың төбесінен атом бомбаларын бірінен соң бірін жарып, жүздеген мың адамға ашықтан-ашық тәжірибелік мақұлық ретінде экспериментті жасаған жауыздықты бұрын-соңды ешкім көріп білмеген еді. Биылғы жылы Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай "Қасірет пен тағдыр" атты кешіміз  болып өтті.

Оқушылардың қатысуымен мектеп кітапханасында интеллектуалдық ой-өрісін, білім деңгейін көтеру, танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізуде, сөйлеу шеберлігін жетілдіру мақсатында 6-сыныптар арасында "Ана тіліңді құрметте" тақырыбында іс шара өткізілді.

Біздің артымызда Мәскеу: офицер жазбалары” Бұл кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының “Біздің артымызда Мәскеу: “офицер жазбалары” кітабының үзінді.  Әрқайсымыз оқуға тұрарлық кітап.  “Жас Ұлан” ұйымы @jasulan_qz Қазақстандағы Ресей Ғылым және мәдениеторталығының @rsgov_qazaqstan “Бірге оқимыз” жобасын қолдайды.        

       1 қазан- қарттар күніне орай «Мың алғыс сізге, қарттарым!» тақырыбында класс оқушылары қарияларға арнаған құттықтау сөздерін видео арқылы жеткізе білді. Жылы лебіздерін, жүректен шыққан тілектерін жолдады.

2021 жылғы 10 қазан мектепте санитарлық эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, «Өрт кезіндегі қызметкерлердің іс-әрекеттері» тақырыбында іс-шаралар жүргізілді.

"Электр тогының қауіптілігі" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Электр қауіпсіздігі – адамдарды электр тоғының, электр доғасының, электірлі магнит өрісінің  және статикалық электірдің зиянды және қауіпті әсерінен қорғанысын қамтамасыз ететін ұйымдастыру – техникалық шаралардың және құралдардың жүйесі.

Мектеп ғимаратында «Ұстаз- мектептің жүрегі» тілек тақтасы, плакаттар, безендіру жұмыстары жүргізілді.

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» сынып белсенділерінің құттықтау , ұстаздарды қарсы алу салтанатты жиыны болып өтті.

«Ұстаз- мектептің жүрегі» атты мерекелік іс-шара болып өтті.  Жауаптылар Кәсіподақ ұйымы, МИФ бірлестігі, Ақтаев жастары атсалысты.

Күз - бұл ғажайып мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл - күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бір күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Күн қысқарып, түн ұзарады.  Күздің байлығы - бақшамызда пісіп жетілген көкөністер мен жемістер. Сонымен қатар күз кезінде қызу жұмыс, қысқа қамданады. Сол себепті әр адам күздің ашық күнін пайдаланып, астық жинауға кіріседі. Күзіміз неткен керемет. Күз дегеніміз - байлық, молшылық.  Осыған орай  "АЛТЫН КҮЗ" тақырыбында класс сағаттары өз деңгейінде өтті.