Бүгін: 08.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 (білім Министрінің бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123, ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығы) бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес «Ғ.Ақтаев атындағы  №6 мектеп-гимназиясы» КММ 2024-2025 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

«Ғ.Ақтаев атындағы  №6 мектеп-гимназиясы» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Н.Қобландин көшесі, 4 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Электронды мекен-жайы:e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. байланыс телефоны: 8(7132) 73-04-61, 87776431970

 

           Қамқоршылық кеңес -заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган. 

            Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

1)білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;

3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;  

4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

 

            Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

1) әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;   

2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;  

3) халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;

4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

 

            Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
  • Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің  және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
  • Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
  • Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
  • Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (абаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
  • Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу; 
  • Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

 

Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі өтінішті толтыруыңыз сұралады



«Ғ.Ақтаев атындағы  № 6 мектеп-гимназиясы» КММ

директоры Ж.О.Романоваға

__________________________________________

__________________________________________

(өтініш берушінің аты-жөні)

тұратын жері: ________________________

                                                                                                _________________________                                                                                                                                 (көше, үй, пәтер)

 

                                                                     Өтініш

 

Мен,________________________________________________________________________________

№___________________________________________________________________________________

                                                               (жеке куәліктің №,  қашан, кіммен берілген )

     «Ғ.Ақтаев атындағы  № 6 мектеп-гимназиясы» КММ -нің қамқоршылық кеңестің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 (білім Министрінің бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123, ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығы) бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын.

                                                                                                                                     

                                                                                               

                

                                                                                _______________________

                                                                                              (тегі, аты- жөні)

_______________                                                                                                                                                 (қолы)

« ____ »___________2024ж