Сегодня: 07.10.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

05.01.2024ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп -гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна әдістемелік кеңестің күн тәртібіндегі “Акмеологиялық мәдениет-кәсіби даму, тұлғалық жаңару, іскерлік шыңдалу және рухани кемелдену” тақырыбындағы теориялық мәселені педагогикалық ұжым мүшелерінің белсенділігімен және креативті білімдарлығымен жан-жақты талқылап, топтық жұмыс формасында практикалық бөлімін жүргізді. 35 ұстаз ой бөлісті .Соңы “Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы” видео-ролигімен қорытындыланды. Слайдтар мазмұны ұжым чатына салынып, кеңірек кері байланыс жасалды. 
Ақтаев ұжымы кәсіби дамудың шыңына ұмтылған және шығып үлгерген акме-педагогтерімен мақтана алады.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy

Бүгін, 15.11.2023ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында мектеп тренерлері: Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның, Кушекбаева Фарида Абсатовнаның, Алдиярова Акерке Кулымбетовнаның фокус топтары арасында сабақтар серияларын беру жалғасуда.
Кереметті қараңыздар!!! Туысқан пәндердің жаңашыл қожалары : Алдиярова Ақерке Құлымбетовна мен Садықова Айгүл Миллятовна 6в класында жаратылыстану пәнінен “ Заттардың құрылысы мен қасиеттері” тақырыбында дуэт сабақ өткізді. Теория мен практиканы шебер ұштастырған қос ұстаз білім алушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырумен қоса, жұптық және топтық жұмыстарда функционалдық сауаттылықтарын дамытуды нысанаға алды.
Мектеп тренері, жаратылыстану пәндері кафедрасының жетекшісі, “педагог-зерттеуші”, креативті ұстаз Ақерке Құлымбетовнаның өз фокус тобында, өз класында сабақтар серияларын өзі өткізуге бекінуі кәсібіне деген құрметі, жұмысына деген жауапкершілігі, шәкірттеріне деген сүйіспеншілігі, әріптестеріне деген ықыласы!!!
Тәжірибе алмасуға қатынасқан әріптестері “Дуэт сабақ” авторларына рақметтерін айтты...
Салыстырмалы түрде таңдап алынған А,В,С деңгейлі оқушыларда ұмтылыс байқалды.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy



Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында мектеп тренерлері: Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның, Кушекбаева Фарида Абсатовнаның, Алдиярова Акерке Кулымбетовнаның фокус топ мүшелері бірнеше жыл қатарынан үздіксіз зерттеу сабақтарын жүргізіп келеді.
14.11.2023 ж. күні фокус топ мүшелері Акатаева Индира Нагашыбаевна 2 “В” класында орыс тілінен, Есентаева Ботакоз Амангелдиевна 6 “Б” класында ағылшын тілінен “Lesson Study” зерттеу сабақтарының алғашқы серияларын өткізді.
Тәжірибе алмасуға қатысқан әріптестері пән мұғалімдерінің зерттеу сабақтарына қойылатын талаптар деңгейінен шыққан шығармашылық әдіс-тәсілдерінің ұтымды пайдаланылуы мен сабақ барысындағы оқушылардың белсенділіктеріне оңды баға беріп, келесі сабақтың сапалы жоспарлануына ұсыныстарын айтты.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy



 

Бүгін,15.11.2023 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында "Графикалық органайзерлерді қолданып ,оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында мектебіміздің биология пәнінің “педагог-зерттеуші” мұғалімі, теориялық білімі терең, шығармашыл, креативті ұстаз Нукусова Ботакоз Конысбаевна қалалық деңгейде жоспарлы шебер класс отырысының бірінші сериясын өткізді.
Мектеп-гимназиясы директоры Романова Жания Орынжаевна алғы сөз сөйлеп, шебер класс авторына сәттілік тіледі. Қалалық білім бөлімі, қалалық “Ғылыми-әдістемелік кабинет” әдіскері Садыкова Айгул Санкибаевна биология пәні бойынша ашылып отырған шебер кластың мақсат, міндеттеріне тоқталып өтті. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна Ботакоз Конысбаевнаның кәсіби өсу жолы, шығармашылығы, қол жеткізген нәтижелеріне толығырақ тоқталып, келген әріптестерін таныстырып өтті.
“Танысу” тренингінен басталған шебер класс жұмысы теориялық және практикалық бөлімдерге жалғасып, соңында шебер класс мүшелігіне жазылған 15 әріптес өте жоғары деңгейде баға беріп, зор ризашылықпен шығармашыл ұстаз Ботакоз Конысбаевнаның теориялық білімі мен ұстаздық шеберлігіне алғыстарын айтып, табыстар тіледі. 
Үйрену, білу, тәжірибе алмасу мақсатында келген мұғалімдер тосын сыйларға кенеліп, үй тапсырмаларын алып, тарқасты.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy



Бүгін, 08.11.2023ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна Қалалық білім бөлімінің эксперттік комиссиясында бекітіліп, 2023-2024 оқу жылында жоспарланған “Белсенді оқыту арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру” тақырыбындағы шебер класс авторы, бастауыш кластың “педагог-зерттеуші”, шығармашыл ұстазы Кыстаубаева Серикгул Колганатовнамен және “Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру” тақырыбындағы бастауыш кластың “педагог-сарапшы”, шығармашыл ұстазы Жантурина Гулшат Танирбергеновнамен әдістемелік кеңесу сағатын өткізді.
Кеңесте жалпы шебер класс ұйымдастырудағы мақсат, міндеттер және шебер кластың жылдық жоспары, шебер класс мүшелерімен жүргізілетін нақты жұмыстар мазмұнына бағыт-бағдар берілді.

Бүгін, 07.11.2023ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна Қалалық білім бөлімінің эксперттік комиссиясында бекітілген “Математика сабағында оқушыларды бірлескен жұмысқа тарта отырып, оларды өзін-өзі және өзара бағалауға үйрету” тақырыбында өтетін шебер класс авторы, математика пәнінің “ педагог-сарапшы” мұғалімі, “Геймификация математика әлемінде” жобасы командасының мүшесі Сарсембаева Акмарал Жетескызымен әдістемелік кеңесу сағатын өткізді. 
Тоқсанына бір рет, оқу жылында төрт рет ұйымдастырылатын шебер класс отырыстары теориялық коучинг, практикалық сабақтар, “Математикалық жәрмеңке” формаларында жоспарланды.