Бүгін, 12.01.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында кезекті өндірістік жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде:
?2024-2027 оқу жылдарына арналған Ұжымдық келісімшартпен таныстыру, талқылау, қабылдау.
?Кәсіподақ ұйымының оқу жылының 1-жартыжылдығы бойынша атқарған жұмыстарының есебі.
Кәсіподақ ұйымының төрайымы Жолманова Аймкуль Клышбаевна күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ұжымдық келісімшартпен толық таныстырды. Мәселе талқыланып, шешім қабылданды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Ұжым мүшелері тарапынан көкейтесті бірнеше сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар қайтарылды. Жиналыс соңында директордың міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевна қорытынды жасады. Қаулы қабылданды:
1. Педагогикалық ұжым ұжымдық келісімшартпен толық таныстырылды деп есептелсін.
2. 1-жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстар есебі қанағаттанарлық деп бағалансын.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy