Сегодня: 21.11.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

2024 жылдың 20 ақпаны күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның басшылығымен кафедра жетекшілері: Алдиярова Акерке Кулымбетовна мен Адилканова Гулим Базаралиевнаның ұйымдастыруымен жаратылыстану пәндері декадасының жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аманжолова Гульжихан Ауданбаевна 1 “В” класында “Құралдар мен қозғалыс ойындары”тақырыбында сапалы сабақтың үлгісін көрсетті. ??????

2024 жылдың 20 ақпаны күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның басшылығымен кафедра жетекшілері: Алдиярова Акерке Кулымбетовна мен Адилканова Гулим Базаралиевнаның ұйымдастыруымен жаратылыстану пәндері декадасының жоспарына сәйкес “Ғылым және инновация”одағының магистрі, математика пәнінің мұғалімі Тоқмағамбет Еркебұлан Мұхтарұлы 6 “А” класында “Бір айнымалысы бар теңсіздік” тақырыбында тәжірибе алмасу сағатын өткізді.

Бүгін, 19.02.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна басшылық жасайтын және шығармашыл ұстаздар: “педагог-зерттеуші”, Алдиярова Акерке Кулымбетовна мен “педагог-сарапшы” Адилканова Гулим Базаралиевна жетекшілік ететін, 19.02-29.02.2024 ж. күндері аралығында өтетін жаратылыстану пәндері декадасының “Жаратылыстану-әлемді билеген нақты ғылым” атты онкүндігі мұғалімдердің кәсіптеріне деген риясыз махаббатымен, заманауи үлгі-ізденісімен, тұлғалық мән- мәдениетімен, рухани рухпен ашылу салтанаты өтті.

Шығармашылық- адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, кәсіби шыңдалуы, тұлғалық дамуы және биікте танылуы. Жеке адамның рухани қабілет, мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауаттылықтың берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық қабілеттері мен өзіндік ерекшеліктеріне қарай кәсіби дамыту- білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі. Мұғалімнің кәсіптік сапалары, оның білімдарлығы, қоғамдық ортада қарым-қатынасының шығармашылық және креативті сипатта болуы,оқушыны зерттей отырып берілетін білім сапасы мен пәннің берілу сапасын арттыруды мақсат етуі, өнімді еңбектенуі-заман талабына сай білікті маман екендігінің дәлелі.

Бүгін, 13.02.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна “Оқытудағы инновациялық тәсіл және оны иформатика, физика, математика пәндерін оқытуда іске асыру жолдары” тақырыбындағы физика, информатика, математика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық тәжірибелік семинарға қатыстыруға сұраныс берілген физика, информатика, математика пәндерінің жас мамандары: Өтеміс Нариман Әнесұлы, Жұмағазиева Жазира Бердіғалиқызы және Тоқмағамбет Еркебұлан Мұхтарұлымен әдістемелік кеңес сағатын өткізді.

Бүгін, 12.02.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында “ Кіші мектеп жасындағы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру ”тақырыбында бастауыш кластың шығармашыл, креативті, «педагог-зерттеуші» мұғалімі Кыстаубаева Серикгул Колганатовна мен «педагог-сарапшы» мұғалімі Жантурина Гулшат Танирбергеновнаның қалалық деңгейде алғашқы шебер класы ашылды. Бастауыш кластың тәжірибелі, “педагог-зерттеуші” мұғалімі Табылдина Баглан Жалгасбаевна әріптестеріне батасын беріп, шашу шашты.