Сегодня: 07.10.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

Бүгін, 04.10.2023 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының директоры Романова Жания Орынжаевнаның басшылығымен, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның жетекшілігімен тарихта тұңғыш рет оқу-тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңалықтар жаршысы “Ақтаев үні” мектепішілік басылым газетінің алғашқы саны жарық көрді.
Басты мақсат: білім беру ұйымында болып жатқан заманауи оң өзгеріс, жағымды жаңалық, игі бастамалармен педагогикалық ұжымды, ата-аналар қауымдастығы мен оқушылар ұйымын ай сайын хабардар етіп отыру, дарынды шәкірттеріміздің қаламын ұштау, кәсіби бағдар беру. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy



28.09.2023 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның басшылығымен кезекті әдістемелік кеңес өткізілді. Күн тәртібінде қаралатын мәселелер тізбесі биология пәнінің “педагог-модератор” мұғалімі, «Ғылым және инновация” командалық жобасының жетекшісі Жаңабергенова Аяжан Жәнібекқызы жетекшілік ететін магистрлар Одағының мүшелерінің әсерлі сәлемдесу тренингімен басталды. Одан әрі “Мұғалімдер арасында ынтымақтастық мәдениет құру арқылы кәсіби дамуын басқару және жетілдіру жоспары”, “Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетуде пән мұғалімдерінің рөлі”, “Біліктілікті арттыру курстарының сапалық ықпалы”, “Азаматтық қорғаныс” мәселелері туралы презентация таныстырылып, теория, қосымша ақпараттар мен кеңестер берілді. Оңды шешім қабылданып, “Ғылым және инновация” Одағының креативті кері байланысы жасалды. Ынтымағы жарасқан, ұйымшыл ұжым ризашылық эмоциямен тарқасты. Алда сан салалы, жоспарлы игі бастамалар жауапкершілігі мол, табысты мектепке бағытталған жұмыстар толып тұр.
@obrazovanie_gorod_aktobe

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында 22.09.2023 ж. күні директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна “Тағылым” кабинетінде магистр мұғалімдермен (саны-13) кеңес сағатын өткізді.
“Ғылым мен инновация” Одағына біріккен магистрлар командасының жетекшісі болып биология пәнінің “педагог-модератор” мұғалімі Жаңабергенова Аяжан Жәнібекқызы тағайындалды. Әр саланың ғылыми зерттеу тақырыптары анықталды. Мақсаты: күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің шешу жолдарын табу, ұжымда мәдени, салауатты ахуал қалыптастыра отырып, мектеп-гимназиясының перспективалық даму жоспарына өзіндік үлестерін қосу, ықпал жасау. Жоспарлы түрде ғылымға негіздей атқарылатын іс-әрекеттер міндетті түрде нәтижеге бағытталуы керектігі баса айтылды.
@obrazovanie_gorod_aktobe

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында 18.09.2023 ж. күні директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна “Геймификация математика әлемінде” командалық жобасының көшбасшысы Жанай Гаухар Талғатқызы және команда мүшелерімен кеңес сағатын өткізді.
Жоба мақсаты-5-6-сынып білім алушыларының көбейту таблицасын толық меңгеруін қамтамасыз ету. 5-6-сыныптардың математика пәнінің мұғалімдері, класс жетекшілері және мектеп психологтары жоба мақсат-міндеттеріне сәйкес нақты тапсырмаларды бөлісті. Геймификация білім алушылардың жаңа білім алуға деген мотивациясын арттыруға мүмкіндік береді, ойын түрінде білім мен дағдыларды тез және тиімді бойға сіңіруге ықпал етеді. Бұл орайда, ойын формасы ойын-сауық емес, жаңа білім алуға және өткен білімді тиянақтауға арналған құрал екенін ескергеніміз жөн. Бәсекеге қабілетті функция және прогресс оқуға деген қызығушылықты арттырады.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy



Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында 18.09.2023 ж. күні директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна 9-11 сыныптарда биылғы оқу жылында элективті курс бағдарламаларын құрастырушы мұғалімдермен кеңес сағатын өткізді. Заманауи мектептегі білім берудің алуан түрлері жүктелген оқу міндеттерін ойдағыдай орындауға бағытталған.
Осы формалардың бірі-элективті курстар.Мақсаты-жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру.
9 “А” сыныбында “Медициналық физика” ( Иманғалиева Г.Ш.), 9 “Ә” сыныбында “Ахметтану” ( Алдабергенова А.Ж.), 10 “А”, “Б” сыныптарында “Туризм географиясы” (Исмайлова Г.Т.), 11 “А”, “Ә” сыныптарында “Әлемдік туризм географиясы” (Алдиярова А.Қ.) атауларымен пәндік оқыту бағдарламаларын оқу үрдісіне енгізу жоспарланып отыр. Курс бағдарламаларының мазмұны өзекті, мотивациялық әлеуеті жоғары деңгейде, мазмұны қойылған мақсаттарға сәйкес келеді және логикалық құрылымға ие.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy