Бүгін,23.10.2023ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевна мектеп-гимназиясы тренері Алдиярова Акерке
Кулымбетовнаның “Lesson Study” зерттеу сабақтары бойынша фокус топ мүшелері: орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекжанова Элеонора Куанышкалиевнамен, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Есентаева Ботагоз Амангелдиевнамен,тарих пәнінің мұғалімі Жәнібек Гүлсанат Оралбекқызымен кеңесу сағатын ұйымдастырды.
Пән мұғалімдеріне ортақ таңдалған мәселе-оқушылардың оқуға деген зейінін арттыру, ынталандыру, сауатты оқу дағдысын қалыптастыру. Мақсат: сабақтың берілу сапасын арттыра отырып, оқушылардың пәндік білімдік сапасын арттыру.
Екінші тоқсаннан бастап 8 қараша-8 желтоқсан аралығында тізбектелген сабақтар кестесін жасап, бекіттіру ұсынылды. Тізбектелген сабақтардың өткізілу барысына видео талдау жасалатындығы келісілді.
https://school6-aktobe.edu.kz/ru/142-distemelik-obdisha/763-lesson-study-zertteu-saba-tary.html#sigProId00b8e98dd8