13 ақпан 2024 жылы Ғ. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы бастауыш кафедрасының жылдық жоспарына сәйкес 2-4-кластар арасында «педагог-зерттеуші» Г.К.Коянбаева мен «педагог - модератор» А.Бейсенованың ұйымдастыруымен ақиық ақын,қазақ поэзиясының мақтанышы Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдығына арналған «Оқуға құштар баланың: Шыңдаймыз биік талабын» атты мектепішілік поэзиялық эстафета өткізілді.
Мақсаты - қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, поэзия құдіретін таныту. Ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау, Поэзиялық эстафета мынадай бөлімдерден тұрды:
1. «Мұқағали-поэзия алыбы» (ақынның өмірі мен шығармаларынан сұрақтар)
2. « Поэзия-жүрек тілі» (ақынның бір өлеңін жатқа, мәнерлеп оқу)
3. «Әсем әнім сырнайды-ай» (ақын Мұқағали Мақатаевтың «Бақыт деген...» әнін хормен айту)
Өлеңді мәнерлеп оқудағы бағалау критерийлері:
- Өлеңді жатқа білу;
- Мәнерлеп, нақышына келтіре оқу;
- Интонацияны (дауыс ырғағы) ескеру;
- Өлеңге сәйкес видео, слайд көрсету.
Сайыс өте жоғары деңгейде өткізілді.Қазылар алқасы әділ бағалап, сайыстың өз дәрежесінде өткенін, сонымен бірге қатысқан оқушылар мен сайысқа дайындаған жетекшілеріне өз ризашылықтарын білдіріп,алғыстарын жаудырды.
Нәтижесінде жүлделі орын алған оқушыларды Дипломдармен марапаттады.
Қорытындысы төмендегідей:
Картай Ибрагим- Бас жүлде
Тыныштықов Алдияр-1 орын
Қайратқызы Айару- 1 орын
Қуантқанқызы Қарақат -1 орын.
Құралбай Айжан -2 орын
Базарбаев Ерназар -2 орын
Сайпеден Фатима-2 орын
Сейілханова Жанель - 3 орын
Базарбай Мәди -3 орын
Орман Балқадиша -3 орын
Сонымен қатар белсене қатысқан оқушыларды да марапаттап, сыйлықтар табысталды.
Жүлделі оқушыларды құттықтаймыз???
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy