Телефон: 8-713-2-730461
электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz
оқыту тілі: қазақша
Сипаттамасы:
Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.
Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.
Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.
Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.
Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.
- ✔тоғызқұмалақ,
- ✔ шахмат,
- ✔ дебат
- ✔ волейбол,
- ✔ баскетбол
- ✔футбол
- ✔пневматикалық ату
- ✔дойбы
- ✔теннис
- ✔домбыра
- ✔вокал
- ✔би
- 82
14 ақпан 2024 жылы Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп - гимназиясында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы “Балаларды ерте дамыту институтының” негізінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасын” іске асыру жоспары аясында мектепалды сыныптары тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы” тақырыбында мақал-мәтел, жұмбақты білуге арналған шара өтті.
- 45
13 ақпан 2024 жылы Ғ. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы бастауыш кафедрасының жылдық жоспарына сәйкес 2-4-кластар арасында «педагог-зерттеуші» Г.К.Коянбаева мен «педагог - модератор» А.Бейсенованың ұйымдастыруымен ақиық ақын,қазақ поэзиясының мақтанышы Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдығына арналған «Оқуға құштар баланың: Шыңдаймыз биік талабын» атты мектепішілік поэзиялық эстафета өткізілді.
Мақсаты - қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, поэзия құдіретін таныту. Ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау, Поэзиялық эстафета мынадай бөлімдерден тұрды:
- 57
22 қаңтар 2024ж "Біртұтас тәрбие"бағдарламасы аясында Ғ.Ақтаев атындағы #6 мектеп - гимназиясының бастауыш класс кафедрасының жоспарына сәйкес 3-класс оқушылары арасында "педагог - модератор" Қ.Досыбекованың ұйымдастыруымен "Мен оқыған бір кітап" атты сыныптан тыс шара өтті. Шараның мақсаты - оқушыларды білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру,әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту,оқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру.
- 60
2024 жылдың 19 қаңтар күні Ғ.Ақтаев атындағы #6 мектеп - гимназиясы бастауыш класс кафедрасының жылдық жоспарына сай "Оқытудың белсенді әдіс - тәсілдерін сабақ үрдісінде қолдану" тақырыбында тәжірибе алмасу коучингі өтті.
- 66
2024 жылдың 24 қаңтар күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында бастауыш класс кафедрасының жоспарына сәйкес 1-2 класс оқушылары арасында "педагог - модератор" А.Бағыланова мен жас маман А.Аралованың ұйымдастыруымен "Ертегі сыр шертеді” атты сыныптан тыс шара өткізілді. Сыныптан тыс шараның мақсаты: Ертегілер арқылы оқушылардың өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, жақсы мен жаманды айыра білуге, еңбекті, адалдықты сүюге үйрету. Бұл шара 2 кезеңнен тұрды.
- 61
Бүгін,18.01.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп- гимназиясының бастауыш кластар кафедрасының жылдық жоспарына сәйкес бастауыш класс мұғалімдері,Құрманбаева Жанна мен Сұлтан Жұлдыздың ұйымдастыруымен ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған “Ғасырда бір туылатын дарабоз” атты 3 -класс оқушыларының қатысуымен мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты - Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы оқушы бойында поэзия әлеміне, сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.