2023 жылдың 24 сәуір күні бастауыш кластың мұғалімдері Ж.С.Сержанова.,Г.Т.Жантурина.,
Мақсаты: Оқытуда кедергі тудыратын факторларды айқындау,оларды жою және орнын толтыруда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану. Коучингте үш одақ (оқушы,ата-ана,мұғалім) болып топқа бөлініп, әр топ күрделі сұрақтарды талқылай отырып,өз ойларын ортаға салды. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында "Табыс қоржыны" әдісінен бастап,ұйымдастырушылар өз сабақтарында қолданып жүрген көптеген әдіс - тәсілдерді ортаға салып,тәжірибелерімен бөлісті.Мәселен:"Судағы сиқырлы сөздер", "Үнсіз диктант", көбейту кестесін оқушыларға бірнеше әдіс-тәсілдермен жаттатуға болатынын көрсетті .Сонымен бірге ойын түрлері арқылы да жұмыс түрлерін көрсетті. Коучинг өте жоғары деңгейде, қызықты өтті. Коучинг соңында мектеп - гимназия директоры Ж.О.Романова мен директордың бастауыш кластардың оқу-тәрбие ісі жөніндегіп орынбасары Ф.А.Кушекбаева сөз алып, өз ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына шығармашылық табыстар тіледі.
https://school6-aktobe.edu.kz/ru/177-bastauysh/779-bilim-alushylardy-bilimindegi-ol-yly-tardy-ornyn-toltyru-atty-kouching-tti.html#sigProId9848ab2c38