Сегодня: 21.11.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Қазіргі таңда ата-ананың балаға жеткілікті назар аудармауы олардың мінез-құлқына кері әсерін тигізіп, көптеген мәселелердің туындауына себепші болып отыр. Балғындардың өзін жалғыз сезініп, сан қырлы онлайн ойындардың құрығына түсіп, соңында орны толмас жағдайларға жеткізіп отырғаны - ащы шындық. 
Осы мәселелерді талқылау мақсатында 19 қазан күні "Анаға тағзым" ғимаратында "САНАЛЫ АТА-АНА БОЛУ" тақырыбында семинар - треннинг ұйымдастырылды. Шараға Ғ.Ақтаев атындағы #6 мектеп-гимназиясының мад, 1-11 сыныбының ата-аналары белсене қатысты.Ата-аналарға балаларымен қалай тиімді қарым-қатынас орнату керектігі жөнінде кеңестер айтылды. Балаларға зиянын тигізетін ойындар жайында ақпарат беріліп, олардың алдын-алу жолдарымен пікір алмасты. @aqtobe_bilim_basqarmasy  @aqtobe_bilim_bolimi