Сегодня: 24.11.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

23.10.2023ж Ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша 10-11 сынып ата-аналарына арналған "Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу" тақырыбында дәріс сабақ өткізілді.

Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының міндеттері:
1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
2) білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту;
3) отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру.
Бұл ретте баланың әл-ауқаты оның физикалық және психикалық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздігімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсері кезінде қалыптасқан жағдай ретінде қарастырылады.
Сабақ барысында ДТІЖО Г.Т. Жүсіп сөз алып, әлеуметтік педагог Ә.Шүйінші талқылау сұрақтарын қойып, ата-аналардан жауап алды. Мектеп психологы А. Канжагулова мен Қ. Сагинбаева тренингтер өткізіп, жағымды ахуал орнатты. 10 "А" сынып жетекшісі Н. Жақанова ата-аналарға бейнефильм көрсетіп, топтық тапсырмалар берді. Ата-аналар белсенділік танытып, бала тәрбиесіндегі әдіс-тәсілдермен бөлісті. Сабақ соңында кері байланыс алынып, жағымды көңіл-күй сыйлау үшін бірге ән шырқады.
@obrazovanie_gorod_aktobe