Сегодня: 07.10.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

13.10.2023ж. Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени – ағартушылық жобасы аясында "Қара сөздің жауһарлары" атты әңгіме-сұхбат ұйымдастырылды. 


Бір ақынның сау болса тіл мен жағы, 
Мың адамның айтылар мұң мен зары.
Басқа халықтардың тілге салатын салмағын тілге салатын қазақ халқы үшін айтыстың да, айтыскер ақынның да орны ерекше болса керек.
Осы орайда, өңірімізден шыққан,ерекше дүбірмен қосылып, қазақ халқының мақтанышына айналған Республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Ақтөбе өңірі бойынша басшысы, белгілі айтыскер - ақын, мәдениет үздігі төсбелгісінің иегері, Қызылжар орта мектебінің ұстазы, кешегі сал-серілердің сарқыты Ахметов Марат Сәрсенбайұлы бүгін біздің мектебімізде қонақта болды. Сұхбат барысында мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевна біздің қанымызбен жаралып, рухымызбен таралған дәстүрлі айтыс өнерін дәріптеп жүрген ақын ағамызға барша ұжым атынан ризашылығын білдіріп, сыйлық тарту етті.
“Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады”-дейді. Ақын ағамызға қандай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді. Марат аға, бізді сусындатар мәңгі сарқылмас жырларыңыздың алдында құрметпен бас иеміз!
Біздің мектебімізге келіп, оқушыларға сүбелі ой айтқаныңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта мәрелерде маңдайыңыз жарқырап,шаршы алаңдарды шаңға көміп жүре беріңіз.Табыс тілейміз! @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy