Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар, ата-аналар!
Баршаңызды бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке - БІЛІМ КҮНІМЕН және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін, мектебімізде сағынышқа, шаттыққа толы"Мектебім-мейірім мекені" атты «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны болып өтті.
Биылғы оқу жылында 167 бүлдіршін мектеп-гимназияның табалдырығын алғаш рет аттап, жаңа өмірге қадам басты. Олар дәл бүгінгі алғашқы қоңырау үнін естігеннен бастап мектеп-гимназияның 1-сынып оқушылары атанды.
Мектеп-гимназияның басшысы Романова Жания Орынжайқызы оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жас өрендерге білім нәрімен сусындау жолында сәттілік тіледі.
Мектеп-гимназияның Қамқоршылық кеңестің төрағасы, 1953 жылғы мектеп түлегі, ардагер ұстаз, ҚР-ң оқу ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері, облыстық ішкі саясат жанынан құралған ақпараттық кеңес мүшесі, облыстық білім басқармасының ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қуан Қамалхан Қуанұлы арнайы келіп, оқушыларға ақ батасын жаудырды.#Bilim_quni