Сегодня: 24.11.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

Баланы ұлттық тәрбиеге баулып, бойына өнер дарытып, мәдениетті, инабатты етіп тәрбиелеу – алдымен ата-ананың сонан соң өскен ортасының міндеті.

Осы ретте баланың өнерлі, өрен болып қалыптасуына көптеген үйірмелердің ықпалы зор. Міне, бүгінгі таңда кішкентай болса да өнерді өн бойына сіңірген жас жеткіншектер жетерлік. Оған кеше өткен, өскелең ұрпақтың тамырына рухани нәр беретін, мәдени дүниетанымдық құндылығы бар балалардың жарқын болашағына жол ашатын Ғ.Ақтаев атындағы #6 мектеп-гимназиясының «Өнерге қанат қаққандар» атты вокал, хор, би, домбыра үйірмесінің есеп беру кеші дәлел.
Біз тамашалаған бұл есеп беру кеші өзге кештерден ерекше өтті. Аталған кешке мектеп-гимназиясы директоры Ж.О.Романова , директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Б. Муханбедиярова, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары Б.З.Матаева, Г.Т. Жүсіп,ұстаздар,ата-аналар қатысты. Шараның шымылдығын Лалагүл Елепқызының жетекшілігімен «Айналайын» балалар хор ұжымы ашып берді. Сондай-ақ мың бұралған бишілер биден өрнек салып, кештің көркін аша түсті. Атап айтар болсақ, Гауһар Талғатқызының жетекшілігімен,
жақында ғана өткен, «Қызғалдақтар әлемі» республикалық фестиваль- байқауында 1-орын иегері , “Назар” би тобы «Жадо қамажай» 
билерімен көрерменнің ықыласына бөленсе, 
Айжан Амантайқызының жетекшілігімен, «Қызғалдақтар әлемі » республикалық фестиваль- байқауында Бас жүлде иегері ,XVI Республикалық “Би әлемінде” хореографиялық би байқауында I орын иегері, лауреат ​ “Әдемі” би тобы барша көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.
Күйші Әдбімомын Желдібаевтың ел арасында кең танылған күйі «Ерке сылқым» халық әні «Келіншек» күйлерін Өркен Жалаңтөсұлының жетекшілігімен домбырашылар ансамбльі шығармасын орындады
Одан соң, 3 «Б» класс Мерекеұлы Темірлан, Роза Әлқожаның әні «Атамекен» әнін, 
4 «Ә» класс оқушысы Нұрғазиев Жәнібек «Махамбеттің жыры»,Айару Қайратқызы «Ел қорғауға әзірміз!»,Гиннадий Козловскийдің «Синяя вечность» әнін Аслан Ернар әуелете ән салып, кешке келген барша қонақтар рухани азық алып, керемет әсерге бөленді. Кеш соңында мектеп-гимназия директоры Ж.О.Романова кешке келген қонақтар мен қатысушыларға жылы лебізін білдірді. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy