Сегодня: 07.10.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

1.03.2023ж. 2016 жылдың 14 қаңтардағы №173 Жарлығы негізінде 1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай 1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күні болып жарияланды.


Мектеп- гимназия директоры Романова Жания Орынжайқызының, 1953 жылғы мектеп түлегі, ардагер ұстаз, ҚР-ң оқу ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері, облыстық ішкі саясат жанынан құралған ақпараттық кеңес мүшесі, облыстық білім басқармасының ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қуан Қамалхан Қуанұлының, Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы төрағасы Табылғанов Жандос Махмутұлының және мектеп әкімшілігінің қатысуымен Алғыс айту күніне арналған "Алғысымыз шексіз" атты мерекелік іс-шара өтті. Демеушілік көмек көрсеткен “Ақтөбе қалалық орталық мешіті”, “Jusan bank” АҚ Ақтөбе филиалының ұжымына, ұстаздарға, Ақтаев ата-аналарға, "Қамқорлық"фракциясының мүшелеріне мектеп- гимназияның директоры Романова Жания Орынжайқызы алғысын білдіріп, алғыс хаттарын табыс етті. Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы төрағасы Табылғанов Жандос Махмутұлы бәрін құттықтап, мектеп әкімшілігін, қайырымдылық көмек көрсеткен ұстаздарын, ерікті білім алушылардың класс жетекшілерін алғыс хаттарымен марапаттады. Алғыс айту күніне арналған Ақтаев өнерпаз оқушылары барша ұстаздарға, қонақтарға, ата-аналарға, оқушыларға жетекшілерімен бірге дайындаған мерекелік концерттік бағдарламаны паш етті. Күнде мейірім қалай төгілсе, алдағы бар ғұмырларыңыз да дәл осылай нұрлана берсін! Береке- бірліктеріңіз тасысын, баршаңызға деген алғысымыз шексіз!
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@amido_aktobe
#ШерРаисаПетровна
#алғысайтукүні🌷
#алғысайтукүніқұттыболсын
#алғысайту2023