Сегодня: 07.10.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

2024 жылдың 21 ақпаны күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның жетекшілігімен кафедра жетекшілері: Алдиярова Акерке Кулымбетовна мен Адилканова Гулим Базаралиевнаның ұйымдастыруымен жаратылыстану пәндері декадасының жоспарына сәйкес денешынықтыру пәні мұғалімдерінің көшбасшылығымен үш кафедра арасында дүрілдеген қозғалыс додасы өтті👏🏻👏🏻👏🏻


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Кушекбаева Фарида Абсатовна, Кулмурзина Замзагул Жораевна, денешынықтыру пәнінің “педагог-зерттеуші” мұғалімі Нугманов Арман Орынбасарович төрешілік етті.
Алып күштің иелері- Жаратылыстану пәндері кафедрасы жүлделі 1- орынды, Бастауыштың батыл, қайсар командасы жүлделі 2-орынды және байсалды, мықты Гуманитарлық пәндер командасы жүлделі 3-орынды иеленді. 
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна “Бастауыш”, “Жаратылыстану” және “Гуманитарлық” пәндер командаларын жеңісімен құттықтап, мектеп басшысы Романова Жания Орынжаевнаның атынан АЛҒЫС ХАТТАР тапсырды.
Бекзада Амангелдіқызының “ Зумба “ жаттығулары мен “ Қаражорға” биі жарасыммен, әдемі орындалды👏🏻👏🏻👏🏻 Біздің сымбатты қыздар бәріне икемді.
Жұдырықтай жұмылған денешынықтыру пәнінің жігерлі, текті мырзаларына зор алғыс🔥Күш тасқынының қуатын реттеп, байыппен бабына жеткізген Ақтаевтың намысшыл жігіттері, төрдегі бастарыңыз төмен түспесін🤲🏻
Сегіз қырлы, бір сырлы, ниеттері түзу, пейілдері кең, бәріне дайын, тәуекелшіл ұстаздар тек қана Ақтаевта еңбек етеді🔥🔥
Біз сіздермен мақтанамыз!
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy