Бүгін,06.02.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында “Қазақ тілі сабағында оқушылардың зерттеушілік ізденісін дамыту”тақырыбында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің “педагог-зерттеуші” мұғалімі, теориялық білімі терең, парасатты ұстаз Жолманова Аймкуль Клышбаевнаның қалалық деңгейде жоспарлы шебер класы ашылды.
Қалалық білім бөлімі, қалалық “Ғылыми-әдістемелік кабинет” әдіскері Ералина Бағила Төлепбергеновна қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ашылып отырған шебер кластың мақсат, міндеттеріне тоқталып өтті. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна шебер класс жұмысының жүргізілу жоспарымен таныстырып,сәттілік тіледі.
Шебер класс “Танысу” тренингімен басталды. Аймкуль Клышбаевна шебер класс мүшелеріне теориялық бөлімде “Қазақ тілі сабағында оқушылардың зерттеушілік ізденісін қалыптастыру жұмысының жүйесі»тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, практикалық бөлімде “Сабақ үдерісінде зерттеушілік дағды қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер» тақырыбында оқушыларға мәтінмен жұмыс жасау кезіндегі түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жалғастырды.
Соңында “Өзіме-көршіме” әдісімен кері байланыс алынып, шебер класс мүшелері шығармашыл ұстаз Аймкуль Клышбаевнаның теориялық білімі мен ұстаздық шеберлігіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, Бағила Төлепбергеновна шебер класс авторының жұмысын “жоғары”дәрежеде өткендігін айтып, шебер класс әрі қарай да сәтті өте берсін деп тілегін айтты.
Аймкуль Клышбаевна “Тәрбие негізі- білім, даналық негізі-ғылым” екенін әріптестер санасына тоқыта алды.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy
https://school6-aktobe.edu.kz/ru/142-distemelik-obdisha/884-aza-tili-saba-ynda-o-ushylardy-zertteushilik-izdenisin-damytu.html#sigProIdcb677fa9d3