Сегодня: 07.10.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

Бүгін,24.01.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясына “Ай” әдеби-мәдени клубынан көркем әдебиетіміздің рухани жанашырлары-еріктілер тобы: Тасмағамбетова Венера Жексенғалиқызы, Қанатқызы Гүлденай және Асылбекова Роза Асылбекқызы келіп, жоспар, мақсаттарымен таныстырып, С.Керімбай, А.Нәби авторлығымен жарық көрген “Өзбекәлі және мәдени майдан” кітабының екінші басылымын (Алматы, 2023 ж.) кітапханамызға сыйға тарту етіп, мектеп кітапханашысы Шайрова Гүлнара Байдуллаевнаға табыстады.


Мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібектің қызметі мен болмысына экзистенциялық талдау жасалатын, Өзбекәлі жайлы естеліктер мен оқиғаларды сараптай отырып, оның мәдениет саласындағы жанқиярлық күресі баяндалатын, мемлекет құрудағы және ұлттық идеология жасаудағы мәдениет пен мәдени қайраткердің рөліне басымдылық берілетін, соны насихаттау әрі экзистенция мақамында талдау арқылы оқырманның кеудесіне ұлттық құндылық пен патриоттық сезімді ұялататын бұл “Отбасы хрестоматиясы” жобасын білім алушылардың және оқытушылардың толық оқып шығуына ұсыныс жасап, кері байланыс күтетіндіктерін айтты.
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында әрбір сенбі күні 14:00-16:00 аралығында еріктілер тобы оқырмандармен кеңесуге мүмкіндік жасалатын кестесін берді.
Мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна еріктілер тобының бұл игі бастамасына ризашылық білдіріп, алғысын айтты.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy @sanjarkerimbay