Бүгін,24.01.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында “Графикалық органайзерлерді қолданып ,оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту” тақырыбында мектебіміздің биология пәнінің “педагог-зерттеуші” мұғалімі, теориялық білімі терең, шығармашыл, креативті ұстаз Нукусова Ботакоз Конысбаевна қалалық деңгейде жоспарлы шебер класс отырысының екінші сериясын өткізді.
Қалалық білім бөлімі, қалалық “Ғылыми-әдістемелік кабинет” әдіскері Садыкова Айгул Санкибаевна биология пәні бойынша ашылып отырған шебер кластың мақсат, міндеттеріне тоқталып өтті. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна шебер класс жұмысының жүргізілу жоспарымен таныстырып,сәттілік тіледі.
Шебер класс “Бір шатырдың астында” тренингімен басталды. Ботагоз Конысбаевна шебер класс мүшелеріне “Оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуда қолдану деңгейіндегі тапсырмаларды дайындау “ әдісін теориялық бағытта түсіндіріп, практикалық бағытта “ Тірі ағзалар үшін судың қасиеті мен маңызын сипаттау” тақырыбындағы зертханалық жұмыспен жалғастырды.
Практикалық бөлімдегі “Ағзадағы судың мөлшерін есептеу” қатысушылардың функционалдық қызығушылықтарын арттырды. Соңында “3 М” әдісімен кері байланыс алынып, шебер класс мүшелері ризашылықпен шығармашыл ұстаз Ботакоз Конысбаевнаның теориялық білімі мен ұстаздық шеберлігіне алғыстарын айтып, табыстар тіледі.
Құрметті Ботагөз Қонысбайқызы!
Қанатыңыз талмасын!
Биіктерге самғасын!
Сіздің адал ісіңізді,
Кейінгілер жалғасын!
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy
https://school6-aktobe.edu.kz/ru/142-distemelik-obdisha/867-grafikaly-organajzerlerdi-oldanyp-o-ushyny-funktsionaldy-sauattyly-yn-damytu.html#sigProId6318d8bfb6