Сегодня: 09.07.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: sholagum6@mail.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

2023-2024 оқу жылының 31 тамызында Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 1966 және 1968 жылғы жағаласып туған құрдас ұстаздардың идеясымен “Жасыл мектеп” жобасының ашылу салтанаты өткізілді.


Жобаның басты мақсаты:
✅Оқушыларды қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу, экологиялық мәдениетті және экологиялық ойлауды қалыптастыру;
✅Мектеп-гимназиясы ғимаратын жасыл баққа айналдыру;
✅Оқу кабинеттері мен дәліздердегі, мектеп ауласындағы ағаштар мен гүлдердің күтіміне, санын көбейтуге оқушылар-оқытушылар-ата-аналар үштігін сатылай жұмылдыру;
✅Командалық жобаны ұжымдық қолдауға ұластыру.
Жобаның міндеттері:
✅Оқушыларға экологиялық білім беру;
✅Оқушыларды қоршаған ортаны таза ұстауға дағдыландыру;
✅Мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарына жұмылдыру;
✅Оқушыларды зерттеу және жобалау жұмыстарына үйрету;
✅Оқушылардың ата-аналарымен ынтымақтаса табиғатты аялау қамқорлықтарын қалыптастыру және дамыту.
“Жасыл мектеп”жобасының авторлары мектеп-гимназиясы директоры Романова Жания Орынжаевна және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна. Команда мүшелері: құрдас ұстаздар Избасарова Райля Куатжановна, Кулдиярова Гулайраш Елубаевна,Касимова Сауле Мураткалиевна, Нуржанова Жумагул Сандибекова, Мыңжасаров Рыскелді Кеңесұлы,Есалина Анар Конысовна, Алишева Дарига Акимгереевна. Алдағы оқу жылдарында жоба жұмысын жүйелі жүргізе отырып, мектеп ғимаратының 1-қабатын “Ата-аналар аллеясы”, 2-қабатын “Ұстаздар аллеясы”, 3-қабатын “Оқушылар аллеясына” айналдыру мақсат етілуде.
Ғасыр сұранысына ие өміршең жобаны ұжым мүшелері бір ауыздан қолдап, қуаттады, сәттілік тіледі.
@obrazovanie_gorod_aktobe