Сегодня: 07.10.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

Бүгін, 2023 жылдың 18 сәуірі күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында ПШО тренері Андирова Венера Теміржановнаның жетекшілігімен 


"Сабақты зерттеу: ізденіс пен тәжірибе" тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Мектеп басшысы Романова Жания Орынжаевнаның алғы сөзімен басталған семинарды директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна, Кушекбаева Фарида Абсатовна теориялық жолмен жалғастырды.Тренерлер Муханбедиярова Дина Базарбаевна, Кушекбаева Фарида Абсатовна, Алдиярова Акерке Кулымбетовна коучинг өткізіп, зерттеу сабақтары жөніндегі бірнеше жылғы жүргізілген әдіснамалық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Мектептің креативті, алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибесі облыстық көлемінде таратылған қазақ тілі пәнінен Жолманова Айымкуль Қлышбаевна , жаратылыстану пәнінен Умирбаева Алия Чекебаевна, ағылшын тілі пәнінен Мукашева Света Сериковна , математика пәнінен Жанай Гаухар Талғатқызы ашық сабақтар серияларын өткізіп, заманауи әдіс-тәсілдерімен алмасты."Найкан" әдісімен рефлексивті кері байланыс жасаған педагог-зерттеуші ұстаздар Жансугурова Назым Жанабаевна, теориясы терең Нукусова Ботагоз Конысбаевна әріптестер ықыласына бөленді. Ең жоғарғы деңгейде өткен облыстық семинарға қатысып, үйренгендері, өздеріне алғандары, түйгендері мол болған тілектес әріптестер ескерткіш суретке түсіп, жағымды, эмоционалды көңіл-күймен тарасты. Белсенділік көрсеткен барлық ұстаздарға ПШО директоры Акимова Табиля Адиетовна атынан сертификаттар таратылды. Ақтаевтың салиқалы, парасатты ұстаздарының абыройлары асқақтай берсін.
@obrazovanie_gorod_aktobe 
@aqtobe_bilim_basqarmasy