Сегодня: 07.10.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп-гимназиясында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның

жетекшілігімен керемет көрісу күнінде мектепішілік "Үздік сабақ" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.Мектеп-гимназия басшысы Романова Жания Орынжаевна әділ қазылар алқасының төрелігіне ризашылығын білдіріп, қанжығасы майланған әріптестерін қуанышпен қызу құттықтады:
"Бас жүлде"- 80 мың теңге сыйақы иегері - Мырзатаева Лалагүл Елепқызы;
1-орын -70 мың теңге сыйақы иегері- Иманғалиева Гүлсая Шаймырзақызы;
2-орын-60 мың теңге сыйақы иегері- Жаңабергенова Аяжан Жәнібекқызы;
3-орын-50 мың теңге сыйақы иегері - Жанай Гаухар Талғатқызы;
Шығармашылық белсенділіктерімен танылған, 10 мың теңге сыйақы иегерлері: Жәшібай Гүлдана Болатбекқызы, Байғараева Шынар Раймкуловна, Шулғаубаева Гүлнар Лапасовна,
Шуақбайқызы Гүлнұр және Есқуатова Ақторғын Ғалиқызы!
Мұғалімдердің кәсіби байқауына демеушілік көрсеткен мектеп-гимназиямыз есімімен аталатын Ғұбайдолла Ақтаевтың туған келіні Ақтаева Жанна Умбетовна екендігін үлкен құрметпен және зор мақтанышпен атап өткіміз келеді. Заман талабына сай киелі қара шаңырақтағы бақ сынайтын бәйгелер жүйелі жалғасын таба беретіні сөзсіз.
Құт-тық-тай-мыз 👏👏👏 
Шапқан сайын тұлпарлардың тақымдары жазыла түседі, еркін көсіліп, биікке қиялай шаба түсіңдер, ұстаз-тұлпарлар!!!
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy