Сегодня: 07.10.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев
Slide 1
 Адрес: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Н.Қобланды 4

Телефон: 8-713-2-730461

электронды почта мекен- жайы: 6-mektep@aktgoroo.kz

оқыту тілі: қазақша

Сипаттамасы:

Білім беру ұйымы 1978 жылы ашылды.

Білім беру ұйымының түрі - мектеп- гимназия.

Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.

Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.

Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
  • ✔тоғызқұмалақ,
  • ✔ шахмат,
  • ✔ дебат
  • ✔ волейбол,
  • ✔ баскетбол
  • ✔футбол
  • ✔пневматикалық ату
  • ✔дойбы
  • ✔теннис
  • ✔домбыра
  • ✔вокал
  • ✔би

30.03.2023 ж. Ғ.Ақтаев атындағы №6мектеп-гимназиясында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның ұйымдастыруымен

  " Сыншы дос - мұғалімнің кәсіби дамуындағы ынтымақтастық тәсілі" тақырыбында жоспарлы түрде оқыту семинар- практикумы өткізілді. Мақсаты: ұжым мүшелерін "сыншы дос" ұғымының мәнімен, сыни достық қолданылатын салалармен, қоғамдастық аясындағы сыншы достың қызметімен толығырақ таныстыру. Теориялық бөлімде сыншы достың қуатты идея екендігі, кәсіби үлесі, қызметі, тиімділігі мен үдерісі төңірегінде түсіндіріліп, екінші практикалық бөлімде жеке жұмыстар және еркін микрофон әдісі ұйымдастырылды. Мектеп-гимназия басшысы және әкімшілігі Жания Орынжаевна мен Замзагүл Жораевна әлемдік деңгейде қолдау тапқан кәсіби әдіс -сыншы дос жайында ой көкпарын бастап, креативті ұстаз Жансугурова Назым және жас ұстаздар: Әуелбекқызы Аяжан,Әбілтай Сұлтангерей, Рзалық Жансая, Жұмағазиева Жазира, Жаңабергенова Аяжан,Алтынбекова Айсана,Мұханбедиева Іңкәр, Жұматаева Перизат тақырып аясында шиырма сұрақтарын алып, жазылым тапсырмасы бойынша өз ойларын еркін және ашық жеткізіп, кәсіби белсенділік танытты.Семинар соңында әсерлі кері байланыс жасалып, "Бір досым бар" әдемі әнімен аяқталды.
@obrazovanie_gorod_aktobe 
@aqtobe_bilim_basqarmasy